Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қуанышбек Ысқақов: Басты жаңалық – «Қайсардың» жеңісі

Қуанышбек Ысқақов: Басты жаңалық – «Қайсардың» жеңісі

Kyzylorda-news.kz. Елордада өткен брифингте Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов спорт саласына да тоқталды.
Биыл Қызылорда облысының спорт саласындағы басты жаңалығы – «Қайсар» футбол командасының Қазақстан Кубогы ойындарында жеңімпаз атануы болды. Осылайша қайсарлықтар 20 жыл уақыттан кейін екінші рет финалға жолдама алды. «Қасқырлардың» ендігі міндеті – Европа Лигасында лайықты ойнау.
Спорт саласы бойынша Сыр өңірі чемпиондарға кенде емес. Сонымен қатар үздік үштіктер қатарынан көрініп келе жатқан спортшылар да аймақ мақтанышы.
«Екатеринбург қаласында өткен бокстан Әлем чемпионатында спортшыларымыз Қамшыбек Қоңқабаев күміс, Тұрсынбай Құлахметов қола алды. Ал, Нұр-Сұлтан қаласында өткен еркін күрестен Әлем чемионатында Дәулет Ниязбеков күміс жүлде алып, Токио қаласында өтетін ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарының лицензиясын иеленді. Біздің сүйікті Элизабет Тұрсынбаевамыз Шанхай қаласында мәнерлеп сырғанаудан өткен халықаралық турнирде күміс жүлде алды», – дейді аймақ басшысы.
22 қараша 2019 ж. 275 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области