Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада мас күйінде танысын өлтірген адам 9 жылға сотталды

Қызылордада мас күйінде танысын өлтірген адам 9 жылға сотталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентінде мас күйінде танысының басын таспен ұрып өлтірген 35 жастағы тұрғынға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол биылғы жылдың 28 наурызында Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентінде танысын кездестіріп, екеуі темір жол станциясының аумағында спирт ішімдігін ішкен.
«Әбден масайған ол танысынмен керісіп қалады. Сол маңда жатқан қатты жұмыр таспен жәбірленушінің басынан бірнеше мәрте ұрған. Мұның соңы адам өліміне алып келді. Ол оқиға орын алған жерден бой тасалап кеткен.
Аталған қылмыстық іс бойынша күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды», - деп мәлім етті Қызылорда қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Дәуірбек Ұзақбаев.
25 қараша 2019 ж. 228 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области