Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада қайын атасын өлтірген келінге үкім шықты

Қызылордада қайын атасын өлтірген келінге үкім шықты


Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қайын атасын өлтірген әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, отбасылық кикілжіңнен кейін алпыстан асқан қария жәбірленуші келінінің бетінен шапалақпен бір рет ұрып, бөлмеден шығып кеткен. Келін болса ашу ызамен қайын атасының кіре беріс бөлмеде етбетінен ұйықтап жатқанын көріп, қасына барып, арқа тұсынан, яғни, сол жауырын мен омыртқа тұсына қолындағы пышағын екі мәрте тығып алған. Алған дене жарақатынан жәбірленуші ауруханада қайтыс болған.
«Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру) кінәлі деп танылып, 8 (сегіз) жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленді», – делінген ауданаралық соттың баспасөз қызметінің таратқан мәліметінде.
Одан басқа, сотталушыға жазамен бірге амбулаториялық мәжбүрлеп байқау және психатрда емдеу түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалды.
13 желтоқсан 2018 ж. 492 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области