Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 1 қаңтардан бастап бензиннің акциз бағасы көтеріледі

1 қаңтардан бастап бензиннің акциз бағасы көтеріледі

Kyzylorda-news.kz. Бензиннің бір литрінің акцизі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10 теңгеге көтеріледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Акциздердің өсуіне қатысты айтар болсақ, бүгінгі күні қаулы жобасы әзірленіп жатыр, бір литрдің акциз құнына қосымша 10 теңге қосылады деп жоспарлануда», - деді министр Руслан Дәленов дүйсенбіде сенат отырысында.
Ол бағаның аздап өсетінін айтты. Есептеулер жағдайдың инфляцияға немесе шағын және орта бизнес өндірісінің өзіндік құнына айтарлықтай әсер етпейтіндігін көрсетуде, деп атап өтті Дәленов.
«Бүгінгі күні акциздің ең көп үлесі мұнай өңдейтін және сататын компаниялардың шығындары мен пайдасынан тұрады», - деп толықтырды ол.
Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі жаңашылдықты 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
26 қараша 2019 ж. 305 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области