Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Биыл жалақы берешегі бар кәсіпорындарға 136 млн теңге айыппұл салынды

Биыл жалақы берешегі бар кәсіпорындарға 136 млн теңге айыппұл салынды

Kyzylorda-news.kz. Жыл басынан бері жалақы берешегіне жол берген кәсіпорын басшыларына 136 миллион теңге айыппұл салынған. Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Соңғы үш жылда жалақы берешегін өтеу бойынша оң үрдіс байқалуда. Атап айтқанда, 2018 жылдың басымен салыстырғанда жалақы берешегі 34 пайызға немесе 744 миллион теңгеге, жыл басынан бері 560 млн теңгеге төмендеп, қазіргі таңда 1 млрд 420 млн теңгені құрады.
Берешектің басым бөлігі Нұр-Сұлтан және Алматы қаласына, Ақтөбе облысына тиесілі», - деді Біржан Нұрымбетов Үкімет отырысында.
Министрдің айтуына қарағанда, жыл басынан бері берешекке жол берген кәсіпорындар басшыларына 1 200 ұйғарым беріліп, 136 миллион теңге айыппұл салынған.
«Қабылданған шаралардың арқасында 36 мыңдай жұмысшының құқығы қорғалып, 5 млрд теңгенің ағымдағы берешегі өтелді. Шараларды күшейту мақсатында бүгінгі таңда еңбек инспекторларының ұйғарымын сот органдарының атқару құжаттар тізбесіне енгізу және жұмыс берушілердің жалақы төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту мәселесі шешілуде», - деді ол.
Еске сала кетсек, Үкімет басшысы жалақыны бермей қалу жұмыс беруші үшін тиімсіз болатындай етіп заңнама нормаларын күшейтуді тапсырды.
26 қараша 2019 ж. 238 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области