Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Біржан Нұрымбетов: 57 мың адамның несиесі өтеледі

Біржан Нұрымбетов: 57 мың адамның несиесі өтеледі

Kyzylorda-news.kz. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қаржы мәселесі шешілсе 57 мың адамның несиесі өтелетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өздеріңіз білетіндей, Президенттің тапсырмасы бойынша несиелік жеңілдіктерге бес санаттағы адамдар ие болған еді. Бұл бір мезгілдік акция. Ресми нормативті құқықтық құжаттарға сүйенер болсақ, ол акция 5 қыркүйекте біткен. Дегенмен, өздеріңіз білетіндей, көптеген азамат бізге хабарласты. Қабылдауды тоқтатып жатқан жоқпыз», - деді Біржан Нұрымбетов Үкіметтің баспасөз орталығында.
Министр сонымен бірге бұл мәселеде туысқандық қатынасты дәлелдейтін құжаттардың ресми деректер қорында болмауы кедергі келтіріп тұрғанын айтып өтті.
«Сондықтан, ол кісілерге бұл мәселені реттеуге көмектестік. Екі ай бойы осы жұмыс істедік. 1 қарашаға дейін соның бәрін жасап, қосымша 57 мыңға жуық азаматты осы несиелік жеңілдікке құқығы бар адам ретінде белгіледік. Шарадан тыс көмекке ұсыныс жасап, тиісті қаражатты бөлу әрекетін жасадық. 9,4 миллиард теңге. 1 қарашаға дейін құжаттарын реттеген 57 мың адамның жылдың аяғына дейін қаржылық мәселесі шешілсе, несиесі өтелетін болады», - деді Біржан Нұрымбетов.
26 қараша 2019 ж. 304 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области