Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімізде атаулы әлеуметтік көмек төлеудің тәртібі өзгерді

Елімізде атаулы әлеуметтік көмек төлеудің тәртібі өзгерді

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов атаулы әлеуметтік көмек төлеудің негізгі тетіктерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Атаулы әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған және одан өз бетінше шығуға мүмкіндігі жоқ адамдарға ғана тағайындалуы тиіс. Осыған байланысты келесі негізгі тетіктер ұсынылады. Біріншіден, АӘК-тің тоқсан сайын тағайындалуын қайтару және тиісінше, шартты және шартсыз көмекті үш айға тағайындау», - деді ол.
Министрдің айтуынша, бұл бір жағынан АӘК алушылардың өз табысын жасыру жағдайларын барынша төмендетеді. Екінші жағынан – көмекті тағайындау тәртібі әділ болады.
«Себебі отбасының жан басына шаққандағы табысы келесі тоқсанда көбіне азаю жағына өзгеріп жатады. Яғни, АӘК-ті тоқсан сайын есептегенде тағайындалған мөлшері ұлғаюы мүмкін. Екіншіден, барлық отбасы мүшелеріне АӘК орта табысы мен кедейшілік шегі арасындағы айырмашылық көлемінде төленетін болады. Үшіншіден, егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыспен қамту шараларынан бас тартса, онда ол және оның отбасының барлық мүшелері АӘК алу құқығынан айырылады. Сонымен қатар бала күтімімен айналысатын анаға бала үш жасқа толғаннан кейін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу құқығын беру ұсынылады», - деді министр.
Б.Нұрымбетов төртіншіден, учаскелік комиссиялар жұмысы күшейтілетіндігін айтты.
«Өкінішке қарай, атаулы әлеуметтік көмек алушылар бірнеше қабатты жеке үйлерде тұрып жатқан, бірнеше автокөлігі болған, жер учаскелері мен қосалқы шаруашылықтарының үлкен көлемде болған мысалдар аз емес. Бұл жағдайлар учаскелік комиссияның жауапкершілігінде. Сондықтан заң жобасында учаскелік комиссиялар үшін атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын анықтау өлшем шарттарын бекіту үшін орталық атқарушы органның құзыретін қарау ұсынылады», - деді ол.
Осы орайда министр атаулы әлеуметтік көмекке үміткер отбасылардың санының артуы қоғамдық негізде жұмыс істейтін учаскелік комиссиялардың жұмысына әсер еткенін мойындады.
«Сондықтан біз заңда учаскелік комиссияларға отбасының материалдық жағдайына қорытынды жасау үшін мерзімді үш күннен жеті күнге дейін арттыруды ұсынамыз», - деді Б.Нұрымбетов.
07 қазан 2019 ж. 397 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области