Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жыл басынан бері 19 қылмыстық іс электронды түрде қаралды

Қызылордада жыл басынан бері 19 қылмыстық іс электронды түрде қаралды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаментімен, жыл басынан бері 19 қылмыстық іс «Е-қылмыстық іс» электронды форматында тергелді.
«Электрондық қылмыстық іс» жобасы экономикалық тергеу органдарында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Аталған бағдарламамен және Қазақстан Респуликасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары негізінде, құқық қорғау және сот органдарына қылмыстық істерді кезеңді түрде электронды форматқа ауыстыруды қамтамасыз ету тапсырылған.
Бекітілген цифрландыру кестесіне сәйкес, экономикалық тергеу қызметі азаматтардың өтініштерін қарау процестерін қосқанда, 2018 жылдан бастап онша ауыр емес және орташа қылмыстардың электронды істерін тергеуге көшті, 2021 жылға дейін барлық санаттағы қылмыстарға көшу жоспарлануда.
Электронды қылмыстық істерді жүргізу, қылмыстық процесті – қылмысты тіркеуден, сотқа дейінгі тергеу, соттың істі қарауы және жазаның орындалуына дейін толық қамтиды. Тергеу барысы онлайн режимде, қадағалаушы прокурорға, сондай-ақ Қылмыстық процессуалдық кодекспен белгіленген көлемде, қорғаушы жаққа да қолжетімді болды.
26 қараша 2019 ж. 306 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области