Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 27 қараша: Ел тарихында орын алған оқиғалар

27 қараша: Ел тарихында орын алған оқиғалар

1963 жылы «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығы ашылды. Ол ұлы жазушы М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығын көпшілікке таныстыру, насихаттау, зерттеу жұмыстарымен айналысады. Орталық 1951-1961 жылдары Алматыда жазушының өзі тұрған Төлебаев көшесіндегі №155 үйде орналасқан. Орталық негізінен, үш бағытта жұмыс жүргізеді: Бірінші бағыты - жазушының өмірі мен шығармашылығы мұрасын жинақтау, оны ғылыми жүйеге түсіріп саралау, жариялау және әуезовтану саласы бойынша жарық көрген еңбектерді жинау. Екінші бағыты - мұражайдағы қолжазбалар мен экспонаттарды, кино, фото, дыбыс қорларындағы мұраларды ғылыми жүйеге түсіру, көрме ұйымдастыру. Қолжазба қорында 72 мыңнан астам мұрағат, сирек кездесетін кітаптар, жазушының күнделіктері мен жолжазбалары, мұрағаттардан жинаған құнды деректер, жеке құжаттары, т.б. бар.

2012 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне әзірлік және оны өткізу жөнінде Мемлекеттік комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды.

2014 жылы Германия астанасында Махмұд Қасымбековтің неміс тілінде шығарылған «Нұрсұлтан Назарбаев. Биография» атты кітабының таныстырылымы өтті.

2015 жылы Халықаралық Түркі академиясы ISESCO байқаушысы мәртебесін алды. Ислам Білім, Ғылым және Мәдениет ұйымының (ISESCO) қызметі - ислам елдерінде ғылым мен білімді және мәдениетті дамытуға бағытталған.
27 қараша 2019 ж. 255 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области