Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекеті азайған

Қызылордада тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекеті азайған

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы  «Aray city mall» сауда кешенінде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты акциясы өтті. Акция барысында ерікті жастар «Зорлық-зомбылықсыз қоғам» атты ұранымен флэшмоб ұйымдастырды.
Акцияның негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы айту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен баланы қорғауға хабардар ету деңгейін арттыру, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы ақпараттық-насихаттау жұмысы болып табылады.
Сонымен  қатар  ұйымдастырушылық мәселелерін шешу үшін іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатарынан жұмыс топтары  құрылды.
Аталған мәселе туралы жадынамалар, ақпараттық түсіндірмелер қоғамдық орындарда таратылды.  
«Аймақта жыл басынан бері әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобымен 69 қылмыстық әрекет тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың 10 айында 93-і құраған болатын. Былтырғыға қарағанда биыл қылмыстық әрекет азайды дегенмен, статистикалық мәліметтер бойынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық әрбір үшінші отбасында кездесіп, тіркелген қылмыстардың 30 пайызын құрайды.        Орын алған қылмыстардың негізгі себептері ұрыс-керіс, қызғаныш, маскүнемдік, әлеуметтік жағдайдың төмендігі. Үйдегі жанжал кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне де әкеп соғуда», - делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
27 қараша 2019 ж. 632 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области