Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Норвегияда ел алдында Құранды өртеп жіберген белсенді халықаралық дау туғызды (видео)

Норвегияда ел алдында Құранды өртеп жіберген белсенді халықаралық дау туғызды (видео)

Kyzylorda-news.kz. Норвегиялық белсенді Ларс Торсен ел алдына шығып мұсылмандардың қасиетті кітабын өртеп жіберді. Оның арты халықаралық дауға ұласқан. Белсендінің бұл әрекеті Пәкістан қоғамының шамына тиген. Нәтижесінде Пәкістанның Сыртқы істер министрі өзіне Норвегияның елшісін шақыртқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
19-қарашада "Норвегиядағы исламизацияны тоқтатамыз" (SIAN) қозғалысының көшбасшысы Ларс Торсен қолына Құранды алып, оны жағып жіберген. Бұл бірнеше куәгерлердің көзінше болған.
Осыдан кейін белсендіге ислам мемлекетінің бірнеше өкілі шабуыл жасаған. Құқық қорғау органдары ер адамдардың бірін ұстап алған. Қазіргі уақытта ол қамауда отыр.
Ғаламторда қасиетті жазуды қорғаған ер адамды қамаудан босатуға шақыратын арнайы петиция жасалды. Онлайн құжатта кейбіреулердің дінге келіспеуіне болатыны, алайда Құранды қорлауға ешкімнің құқығы жоқ екені көрсетілген.
Сондай-ақ, петицияда біреудің кітапты өртеп жатқанына иммигранттың осындай реакция танытқаны таңқаларлық еместігі айтылған.
Одан бөлек, норвегиялық азаматтың әрекетінен кейін Пәкістанның сыртқы саясат ведомствосы еуропалық елдің елшісімен сөйлесіп, ел азаматтарының мұндай әрекетке баруына жол бермеуін сұраған.
СІМ белсендінің жер бетіндегі 1,3 млрд мұсылмандардың, оның ішінде Пәкістан халқының сеніміне нұқсан келтіргенін атап өтті.
Мұндай әрекеттің - жеке көзқарасты еркін білдірумен еш байланысы жоқ екені де айтылған.
27 қараша 2019 ж. 259 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области