Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖҰМЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАН АЗАМАТ ӨЗ-ӨЗІН ӨРТЕП ЖІБЕРДІ (ВИДЕО)

ЖҰМЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАН АЗАМАТ ӨЗ-ӨЗІН ӨРТЕП ЖІБЕРДІ (ВИДЕО)

 

Ресейдің Ишимбай қаласында Біртұтас Ресей партиясының мүшесі Дмитрий Рудов «ГазпромНефтехимСалават» компаниясынан жұмыстан қуылғаннан кейін қаланың қақ ортасында өзін өзі өртеп жіберді, деп хабарлайды Эхо Москвы.

Ол 15 қаңтар күні күндіз қалалық әкімдік ғимаратының алдындағы алаңға келіп, сырт киімін шешіп, үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өзін өртеп жіберген. Ол жанып жатып: «Жемқорлық! Жемқорлық!» деп айғайлаған. Оқиғаға куә болған жандар оған көмекке ұмтылып, жанып жатқан адамның денесін қармен көміп, жалынды тоқтатуға тырысқан.
Дмитрий Рудовтың денесінің 80%-ы күйген, ол ауыр халде ауруханаға жөнелтілген. Кейінірек оның қайтыс болғаны туралы хабар тараған. Бұл туралы Башкирия Тергеу комитеті басқармасы хабарлады.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, осыдан бір ай бұрын Рудов Ресей Президенті Путинге хат жазып, өзін «ГазпромНефтехимСалават» кәсіпорнынан заңсыз жұмыстан босатқаны туралы шағымданған. Басшылар алдымен оның атқаратын лауазымына сәйкес емес деген себеппен жұмыстан шығармақшы болған, кейін ол қысқартуға түскен. Рудов сотқа шағымданып, жеңіп шыққанымен, Республиканың Жоғарғы соты ол шешімнің күшін жойған.
Путинге жазған хатында ол Біртұтас Ресей партиясының мүшесі екенін және партиядан көмек сұрағанымен, әлі жауап алмағанын атап көрсеткен. Қазіргі кезде партия мұндай өтініштің болған не болмағанын тексеру үстінде.
Сонымен қатар, Рудов өз хатында буынның ұстамалы ауруына (подагра) шалдыққанын баяндайды. Алайда, дәрігерлер оған мүгедектік бермегенін және ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектерді ала алмайтынына шағымданған.
«Мен дәрі-дәрмексіз Сіздердің сайлауларыңызға дейін аман-есен жететін шығармын деп ойлаймын», — деп аяқталады оның Путинге жазған хаты.
http://jasqazaq.kz/


17 қаңтар 2018 ж. 690 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области