ШЕНЕУНІКТІҢ ОТБАСЫНА «БИЛІККЕ ҚАРСЫ» ДЕГЕН АЙЫП ТАҒЫЛДЫ
Түркіменстанның Дашогуз облысында наразылық акциясынан кейін білім басқармасы қызметкерін «билікке қарсы көтеріліске шақырды» деп айыптап жатыр. Шенеунік қазанның 10-ы күні балабақша ақысын қымбаттатуға қарсы стихиялы шеруден кейін тұтқындалған, деп хабарлайды https://www.azattyq.org
Өткен аптада Азаттықтың Түркімен қызметі қазанның 10-ы күні ондаған әйелдің Дашогуз облысы білім басқармасына барған акциясы жайлы хабарлаған болатын. Оларды қарсы алған әрі Азаттық аты-жөнін анықтауға тырысып жатқан басқарма өкілі «әкімдікке барыңдар да, сол жаққа шағымданыңдар» деп кеңес берген соң шерушілер тобы Дашогуз қаласы әкімдігіне жаяу кеткен.
Шенеуніктің балабақшалардың бірінде жұмыс істеген әйелі мен жергілікті мектептердің бірінде шаруашылық меңгерушісі болып жұмыс істеп жүрген ұлын да жұмыстан шығарып жіберген.