Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАМБЫЛДЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ «ҚАЗАҚВАГЕН» КӨЛІГІН ЖАСАП ШЫҒАРДЫ

ЖАМБЫЛДЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ «ҚАЗАҚВАГЕН» КӨЛІГІН ЖАСАП ШЫҒАРДЫ


    Осыдан біраз уақыт бұрын үш аяқты техниканы жеңіл көлікке айналдырған қарапайым малшының видеосы әлеуметтік желіде тараған еді. Темір тұлпардың мемлекеттік нөміріне қарап оның Жамбыл облысына тиесілі екені белгілі болғанымен, «Қазақвагенді» құрастырушының өзін табу қиынға соқты. Көп ұзамай, малшының мекенжайы анықталып, тілшіміз ерекше көлік авторымен тілдесіп қайтты деп хабарлайды, http://www.ktk.kz телеарнасы.   
     «Қазақваген» кәдімгі Геленвагеннен кем емес. Мына сыртқы пішіні соған ұқсатылып жасалған. Ал ішіне келетін болсақ, салон екі адамға арналған. Қажет болған жағдайда үшінші жолаушыны да сыйғызуға болады.  
    Төлегеннің машинадан мотоцикл жасаймын дегеніне әу баста туған-туыстары, тіпті жарының өзі сенімсіздік танытқан. Бірақ 38 жастағы азамат өзінің дегеніне жетіп, үш аяқты техниканы механикалық машина етіп жасап шығарған. Күтпеген жерден көлік «Геленвагенге» ұқсап қалды. Сөйтіп, ол  «Қазақваген» деп аталып кетіпті.     
    Ерекше көлік тегіс жолда сағатына 70-80 шақырым жылдамдықты бағындыра алады. Бірақ құжатының дұрыс болмауына байланысты ауылдан аса алмай отыр. Оның авторы, 38 жастағы азамат Төлеген Юсупов өнер десе ішкен асын жерге қояды. Туған күн, соғым басы сынды жиындарда домбырасын асынып, келіншегімен қыстақтағы малшылардың үйін атпен аралайтын Төлеген енді Қазақвагенмен қыдырып жүр.  
    Бір қызығы Төлеген Юсуповтың тек орта білімі ғана бар. Бірақ соған қарамастан «өнертапқыш» есебінде аймаққа тегіс танылып үлгерген. Тіпті арнайы білімі жоқ қабілетті жігіттке шаруа қожалықтарынан тапсырыстар түсіп жатыр
     080 TEN 08 мемлекеттік нөмірі де жайдан жай емес. «Тен» деген Төлеген дегенді білдіреді. Ал, өзі мал бағатын Төлеген Юсуповтың мұндай көлік құрастыруына оның мотоциклмен жауынның астында қалуы себеп болған. Сондықтан салонның ішін неғұрлым жылы етуге тырысыпты.
    Жыл он екі ай жүруге ыңғайлы техниканы құрастыруға Төлегеннің бір апта уақыты кеткенімен, бір тиын шығындалмаған. Ол үйдегі ескі көліктің жарамсыз бөлшектерін кәдеге жаратыпты. Ал сыртына құрылыс материалы алюкобондты қолданған. Салонның ішінде жарық бар, тіпті өрісте жүріп-ақ қалта телефонын қуаттауға болады. Ол үшін аккумуляторға мына күн батареясы арқылы тоқ келіп тұр.   

16 қаңтар 2018 ж. 908 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области