Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕЛІМІЗДЕН ӨЗБЕКСТАНҒА ТАУАР ӨТКІЗУ ЖЕҢІЛДЕДІ

ЕЛІМІЗДЕН ӨЗБЕКСТАНҒА ТАУАР ӨТКІЗУ ЖЕҢІЛДЕДІ


    2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Өзбекстан азаматтары Қазақстаннан жеке қолданыс үшін 1000 АҚШ долларына дейін кеден бажынсыз тауар алып келе алады. Бұл ақпаратты Өзбекстанның мемлекеттік кеден комитеті растады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі centralasian.org басылымына сілтеме жасап.
    Бұған бұрын тек 10 долларға дейінгі тауарды баж салығынсыз алып өтетін.
    3 қаңтардан бері өзбек-қазақ шекарасынан өткен өзбекстандық азаматтар Қазақстаннан тауар алып келу жеңілдегенін растайды. Олардың сөздерінше, өзбек кеденшілері өздерін мәдениетті, сыпайы ұстай бастаған.
    «Черняевкада» (Гишт-Куприк – «Жібек Жолы» өзбек-қазақ шекарасында – ред.) кеденшілер өздерін өте сыпайы ұстады. Тіптен сене алмадық. Олар Қазақстаннан тауар алып келе жатқан азаматтарды еркін өткізді. Ешқандай проблема болған жоқ. Мен өмірімде мұндайды бірінші рет көруім», – деп таңданысын жасырмады өзбек саудагері.
    Өзбекстандықтардың дені Қазақстан базарынан азық-түлік алып келеді. Олардың айтуынша, қазақ базарында тауар 30-40 пайызға арзан.

05 қаңтар 2018 ж. 616 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области