Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда алғаш рет 4 педофилге химиялық кастрациялау қолданылды

Қазақстанда алғаш рет 4 педофилге химиялық кастрациялау қолданылды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда химиялық кастрациялауға сотталған 4 педофилді күштеп өткізетін болады. Бұл үрдіс бірреттік емес көрінеді, оны орындауға жарты жылдау уақыт кетеді, деп хабарлайды  Tengrinews.
"Павлодар, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары мен Шымкент қаласында зорлық әрекеттері үшін сотталған азаматтар медициналық тексерістен өткен соң оларға қарсы күштеп химиялық кастрациялау қолданылатын болады", - делінген ҚР ІІМ-нің қылмыстық-орындаушылық жүйе комитетінің мәлімдемесінде.
Олардың хабарлауынша, қазіргі таңда 11 азаматқа қарсы химиялық кастрациялау жазасына кесілген. Зорлаушылық әрекетін орындаған азаматтарға қарсы заң күйшейтілгеннен кейін 15 адамға осындай үкім шығарылыпты. Заң бойынша химиялық кастрациялау кәмелетке толмаған балаларды зорлағаны үшін 18 жастан асқан азаматтарға қарсы қолданылады. Бұған қоса қылмыстың бұл түріне барған азаматты мерзімінен бұрын босату, оған жеңілірек үкім мен шартты жаза тағайындау, сонымен қатар екі жақты татуласытру сынды әрекеттерге тыйым салынған.
Айта кетерлік жайт, химиялық кастрациялау жазасына кесілген қылмыскерлер алдымен бірнеше медициналық сараптамалардан, әртүрлі дәрігер мамандардан құралған комиссия қорытындысынан өтеді. Ал бұдан жалтарған азаматтарға қарсы тағы да бір жыл бас бостандығынан айыру жазасы бар екен.
03 желтоқсан 2019 ж. 247 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области