Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада кәмелет жасқа толмаған балалар тергеу изоляторын аралады

Қызылордада кәмелет жасқа толмаған балалар тергеу изоляторын аралады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық пробация қызметінің ұйымдастыруымен қоғамнан оқшауламайтын жаза түріне сотталған кәмелетке толмаған жасөспірімдер ЗК-169/1 мекемесін аралап көрді, деп хабарлайды облыс бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз өызметі.
Шараға пробация есебінде тұрған оннан астам кәмелетке толмаған бала қатысты. Олар тергеу изоляторындағы оқшаулау орындары және өндірістік аймақты аралап көрді.
«Шараның басты мақсаты – есепте тұрған кәмелетке толмаған балалар жасайтын құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысты қайта болдырмау. Биылғы жылдың 10 айында кәмелет жасына толмаған 29 сотталушы Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіне өткен. Оның екеуі сотталған мінез-құлқы қиын балаларды тәрбиелейтін девиантты мектеп орталығында. Осындай профилактикалық іс-шаралар арқылы қылмыс жасаған жасөспірімдерге жаза баспау қажеттігін ескертіп жатырмыз», - дейді қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары Айгүл Құрақбаева.
Шара барысында олардың күнделікті тұрғылықты мекенжайы тексеріліп, профилактикалық әңгіме жүргізіледі
04 қараша 2019 ж. 288 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области