Қызылорда түбіндегі автобус апаты: оқиға орнында не болды? (видео)
Kyzylorda-news.kz. 36 жолаушы мінген автобус жолдан шығып кетіп, Қызылорда түбіндегі тасжолда аударылып кетті. Салондағы адамдардың бәрі – Құмкөл кен орнынан қайтып келе жатқан мұнайшылар.
Ірі апат сейсенбі, 3 желтоқсанда таңертең болды. Автобуста 36 жолаушы болған, сегіз адам қаза тапты. Барлық жолаушы – Қазақстан азаматы.

Құтқарушылар жапырылып қалған автобустан адамдарды арнайы құралдардың көмегімен шығарды, 20-дан астам адам түрлі дене жарақатын алды.
Бірнеше сағаттан кейін табылған соңғы марқұмның денесі автокранмен шығарылды.