Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордадағы автобус апаты: Оқиға қалай болған?

Қызылордадағы автобус апаты: Оқиға қалай болған?

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы аумағында сегіз адамның өмірін қиған «Қызылорда-Құмкөл» жолындағы автобус апатына байланысты тиісті сала басшылары оқиғаның барысын баяндап берді.
«Құтқарушылар оқиға орнына жете салысымен жол апатына ұшыраған азаматтарды құтқару шараларына кірісіп кетті. Дегенмен, 6.40-та үш адамның мәйіті табылды. Арада 15 минут өткенде тағы бір адамның жансыз денесі сыртқа шығарылды. Ал 7.15-те құтқарушылар екі адамның мәйітін тапты. Құтқарушылар 7 адамның денесін сыртқа шығарды. Барлығы «Саутс-ойл» компаниясында қызмет атқарған. Бізге белгілі болғандай, компания әрбір айдың 2 және 17 күндері ұжымда еңбек ететін мамандарды ауыстыру жұмыстарын жүргізген. Сондай мамандарды алып келген 4 автобус кеше адамдарды алып қайтқан. Кеше, 2 желтоқсанда Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті облыс аумағында көктайғақ, тұман және қатты жел болатыны жөнінде ұялы байланыс операторлары арқылы хабарлама таратқан болатын. Дегенмен оған қарамастан қауіпсіздік шаралары сақталмауы салдарынан оқыс оқиғаға жол беріліп отыр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Омар Бержанов.
Тағы бір адам жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Қазіргі таңда көз жұмған азаматтардың жеке тұлғасы анықталуда. Оқиғаға жолдағы көктайғақ себепші болуы мүмкін деген жорамал айтылды.
 «Бұл орайда аталмыш компанияның басшылық құрамы тиісті сала мамандарымен бірлесе жұмыс жүргізді. Алғашқы мәліметтерге сүйенсек, олар - Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тұратын азаматтар», - деді Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Әмитов.
Естеріңізге сала кетелік, аталмыш оқиға бүгін таңғы 04.30 шамасында болды. Оқиға салдарынан 8 адам қаза тауып, 21 адам емдеу орындарына жатқызылды.
03 желтоқсан 2019 ж. 231 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области