Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында биылғы 10 айда жол апатынан 33 адам қайтыс болған

Қызылорда облысында биылғы 10 айда жол апатынан 33 адам қайтыс болған

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысындағы апаттың көбеюіне ауа райынан бөлек, жүргізушілердің жауапсыздығы да себеп болып отырған көрінеді.«Қазавтожол» компаниясы мамандарының мəліметі бойынша, Қызылорда облысында былтыр 47 жол көлік оқиғасынан 20 адам қайтыс болған. Тағы 87 адам түрлі дəрежедегі жарақат алыпты. Ал биыл 10 айда 59 көлік апатқа ұшырап, 86 жолаушы зардап шегіп, 33 адам қаза тапты. Мамандар көп жағдайда жүргізушілердің жауапсыздығы қайғылы оқиғаға себепткер болатынын айтады. Тіпті, жолдың жабық екені туралы СМС хабарламаларды елемей, ұзақ жолға шығатындар да аз емес.
«Қызылорда облысында жалпы ұзындығы 1 мың 16 шақырым республикалық маңызды жол бар. Оның 246 шақырымы І санатқа, 566 шақырымы ІІ санатқа, қалған бөлігі ІІІ санатқа жатады. Жол бойында 8 жол пайдалану пункті мен учаске бар. Қыста жол апатының алдын алу үшін базада 50-ге тарта техника дайын. 600 тонна көмір, 1 мың 820 тонна тұз, 7,5 мың тонна құм бар», – дейді «Қазавтожол» ҰК» АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Шанжархан Мырзабай.
Көктайғақ салдарынан 8 адамның өмірін жалмаған жол аймағы «Қазавтожолдың» бақылауына кірмесе де, мекеме мамандары көмек берген.
05 желтоқсан 2019 ж. 245 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области