Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Әлемдегі ең қымбат тағамдар жайлы не білесіз?

Әлемдегі ең қымбат тағамдар жайлы не білесіз?

Kyzylorda-news.kz. Біз үшін қарапайым болып қалған өнімдердің әлемде қымбат түрлері бар екенін білесіз бе? Мәселен, көк түсті тұшпара, картоп, сиыр еті секілді тағамдардың бағасы кей жерде бірнеше мың долларға дейін жетеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көк түсті тұшпара
Әлемдегі ең қымбат тұшпараны Нью-Йорктегі "Golden Gates" мейрамханасынан табуға болады. Бұл жерге ресейлік эмигранттар жиі келеді.
Көк түсті тұшпараның құрамына арқан балық, шошқа және бұзау еті кіреді. Ал оның қамыры көк түсті бояғыштан емес, факел балығынан жасалады. Таза өнімнің арқасында тұшпара жасыл-көк түске боялады.
Мейрамханадағы тұшпараның бір порциясында 8 дана бар. Оның құны - 2200 доллар. 16 данасын аламын десеңіз, 4400 доллар төлеуге дайын болыңыз.

Жаңғақ
Макадамия жаңғағы әлемдегі ең қымбат жаңғақтардың бірі. Бүгінде ол өте пайдалы әрі көптің қолы жете бермейтін азық.
Макадамия ағашы жүз жылға дейін жеміс бере алғанымен, жақсы күтімді талап етеді.
Сол себепті үнемі қиындықтар туындайтындықтан, жылына 40 тонна ғана макадамия теріледі. Нәтижесінде жаңғақ өсетін мемлекеттерде оның 1 келісі 30 доллар тұрады.

Шафран
Шафран әлемдегі ең қымбат қоспа болып саналады. Ол қолдан өндіріледі. Біріншіден сұрыпталып, кептіріледі.
Бір келі шафран өндіріп алу үшін жарты миллион аталық жинап алу қажет. Мұндай өнімнің бір келісі 6000 доллардан асып кетуі мүмкін.

Ақ трюфель
Бұл деликатес үшін нақты сома белгісіз. Себебі әрқайсысы аукционда сатылады. Оның рекордты бағасы 30 мың еуроны құраған.

Қара шоколад
Chocopologie by Knipschildt — әлемдегі ең қымбат шоколад. Бұл қара шоколадтың отаны АҚШ, оның 453 граммы 2600 доллар тұрады.

Картоп
"La Bonnotte" әлемдегі ең қымбат картоп. Оның бір келісі 500 еуроны құрайды. Ол Нурмуатье аралында өседі.

Сиыр еті
Жапондық Вагиу сиырларының еті әлемдегі ең қымба сиыр еті болып саналады. Олар күнделікті сыра мен сәкі ішіп, ең үздік сұрапыталған шөпті жейді.
Бүгінде бұл жануарлар Австариляда да бар. Еуропада аталған сиырдың 200 грамм еті 100 доллар, ал ең балғын жерлері 1000 долларға дейін жетеді.

Қуырылған жұмыртқа
Экзотикалық омлет нью-йорктік "Le Parker Meridien" қонақ үйінде сатылады. Дәл осы жерде әлемдегі ең қымбат қуырылған жұмыртқаны жеуге болады.
Оның құны 1000 долларға жетеді. Құрамына лобстер де кіреді. Жұмыртқа қуырылған картоптың үстіне қойылып, уылдырықпен әсемделдеді.
07 желтоқсан 2019 ж. 345 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области