Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жыл соңында кімдер салық төлемейтінін білесіз бе?

Жыл соңында кімдер салық төлемейтінін білесіз бе?

Kyzylorda-news.kz. Үкімет басшысының орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов патент негізінде жұмыс істейтін кәсіпкерлер салықтан қалай босатылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оның айтуынша, бүгінде патент сияқты арнайы салық режимімен жұмыс істейтін кәсіпкерлер жыл соңында есеп-қисапты тапсырып, салықты толығымен төлеп тастауға міндетті. Ал президенттің тапсырмасы бойынша осы санаттағы бизнесмендер де үш жылға салықтан босатылуы шарт.
"Мәселен, келесі жылы жаңа патент алу үшін кәсіпкерлер биыл желтоқсан соңында есептерін тапсырып, салықты төлеп қоюы тиіс. Бұл - салық кодексінің тапсырмасы. Мемлекет басшысы оларды да үш жылға салық төлеуден босатуды тапсырған болатын. Осыған байланысты тиісті шешім қабылданды. Олар жылдың соңында есеп-қисапты тапсырғанда, "жеке табыс салығы" деген жерде "0"-ді қояды. Осылайша, биыл олар салық төлемейді", - деді Смайылов сенаттың пленарлық отырысында.
Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде республика бойынша 88 мың кәсіпкер патентпен жұмыс істейді. Олардың жалпы салығы 350 миллион теңгені құрайды.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алғашқы халыққа арнаған жолдауында шағын және микро бизнесті салықтан босатуға тапсырма берген болатын.
"Үкіметке микро және шағын бизнесті үш жылға табыс салығынан босату туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырамын", - деді Тоқаев халыққа арнаған жолдауында.
Тиісті нормативтік өзгерістер 2020 жылдан күшіне енуі тиіс. Бұдан бөлек, келесі жылы қаңтар айынан бастап микро және шағын бизнесті тексеруге үш жылға тыйым салынады.
05 желтоқсан 2019 ж. 424 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области