Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Kaspi арқылы ақша аудару: қаржы министрлігі шешім қабылдады

Kaspi арқылы ақша аудару: қаржы министрлігі шешім қабылдады

Kyzylorda-news.kz. Қаржы министрлігі қазақстандықтардың ақша аударымдарын тексеруді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы бүгін бірінші вице-премьер – қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қаржы министрлігі жеке тұлғалардың ақша аударымдарын тексеруді, аударымдардан қандай да бір қосымша төлем немесе салық алуды жоспарлап отырған жоқ", - деп атап өтті Смайылов.
Айтуынша, ведомство банктермен бірігіп, қолма-қол ақшасыз төлемдерді іске асыру бойынша ыңғайлы және заманауи инфрақұрылымды дамыту бағытында жұмыс істейді.  
Кәсіпкерлік қызметке тоқталған министр оның ашық болуы тиіс екенін атап өтті. Атап айтқанда, кәсіпкерлер заңнамаға сәйкес, фискалды чек беруге, ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап онлайн бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті.
"Кәсіпкерлік мақсатта Kaspi-ді пайдалану кәсіпкерлерді бұл міндеттемелерден босатпайды. Чек тұтунышылардың құқығын қорғау үшін өте маңызды", - деді ол.
Вице-премьердің сөзінше, министрлік жедел аударым жасау жүйесін пайдаланатын кәсіпкерлердің табысын әкімшілеу мәселесін пысықтап жатыр. Мәселен, бұл онлайн-касса машиналары мен автоматты түрде толтыру және салық есебін жіберу функционалы бар POS-терминалдарды біріктіру арқылы жүргізіледі.  Мұндай пилот келесі жылы Kaspi банкпен бірге өткізілмек.
"Осыған байланысты халыққа алаңдауға еш негіз жоқ", - деп сендірді Смайылов.
Сондай-ақ, ведомство 2020 жылдың 1 қаңтарынан арнайы салық режимдерін қолданатын микро және шағын бизнес 3 жылға салық пен тексерістен босатылатынын еске салды.
14 қараша 2019 ж. 344 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области