Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚСТАНДА EGOV ПОРТАЛЫНЫҢ 7 МИЛЛИОНЫНШЫ ПАЙДАЛАНУШЫСЫ ТІРКЕЛДІ

ҚАЗАҚСТАНДА EGOV ПОРТАЛЫНЫҢ 7 МИЛЛИОНЫНШЫ ПАЙДАЛАНУШЫСЫ ТІРКЕЛДІ


    Ақтөбе облысы Ойыл ауданы қазақ орта мектебінің 16 жасар оқушысы Нұрқанат Байсұлтанов электрондық үкіметтің 7 миллионыншы пайдаланушысы болып тіркелді. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілдері Нұрқанатты құттықтады, деп жазады Ақпарат және коммуникация министрлігінің ресми сайты.
    Нұрқанаттың айтуы бойынша, ол ең алғашқы  жеке куәлігін алған кезде  электрондық цифрлық қолтаңбаны алып, eGov.kz порталында тіркелген екен.  Болашақта Нұрқанат электрондық үкімет порталын жиі пайданалып, мемлекеттік қызметтер мен түрлі анықтамаларды онлайн түрде алуды жоспарлап отыр.
    Қазіргі уақытта eGov.kz және е-лицензиялау порталдарының көмегімен азаматтарға 452 электрондық қызмет, сервистер пен төлемдер қолжетімді. Портал іске қосылған сәттен бері отандастарымызға 192,3 млн. рет электрондық қызметтер көрсетілген.
    2017 жылы елімізде мемлекеттік қызметтерді  интернет желісі арқылы алуға азаматтармен 29014586  рет өтініш берілген.

08 қаңтар 2018 ж. 710 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области