Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 7 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Жаңаша бастама ұсынғандар болса, одан бас тартпаңыз. Қандай қиындық болса да тығырықтан шығар жол табыңыз. Бүгін жолға шығуды жоспарламаңыз.

Торпақ
Мазасыз күн. Кейбір сөздерді жүрегіңізге жақын қабылдап, ренжіп қалуыңыз да мүмкін. Сондықтан бүгін ешкіммен жақын араласпағаныңыз жөн.

Егіздер
Тыныш күн. Күнделікті шаруаңызбен айналысып, берілген тапсырмаларды орындап, үйге қажетті заттар сатып алуға қолайлы күн.

Шаян
Материалдық жағдайыңыз, сіздің қалай жұмыс жасайтыныңызға байланысты екенін естен шығармаңыз. Уақытыңызды тиімді пайдаланып үйреніңіз.

Арыстан
Бүгін жолыңыз болады. Жаңа таныстықтар орын алады. Бүгін қандайда бір қиындық орын алса, сіз бұл сәттерде де шешім таба аласыз.

Бикеш
Күніңіз жақсы өтеді. Көптен бері ойлап жүрген сүйікті ісіңізбен айналысасыз. Жаныңызға жайлылық сыйлайтын таныстықтар орын алады.

Таразы
Күннің алғашқы жартысында өзге адамдардан ұсыныс түсуі мүмкін, алданып қалудан сақтаныңыз. Жақындарыңызбен жылы қарым-қатынас орнатыңыз.

Сарышаян
«Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама» деген мақал бүгін сізге арналғандай. Сондықтан қиын тапсырмаларды орындаймын деп әуреленбеңіз.

Мерген
Жеке өмірде де, жұмыста да жолыңыз болып, көп жетістікке жетесіз. Бірақ отбасыңызға көп көңіл бөлуді ұмытпаңыз.

Тауешкі
Үмітіңіз ақталады. Өзіңіз қалаған салада жұмыс табасыз. Бұл жұмысты бар ынтаңызбен, қызығушылықпен атқарасыз. Сіз өте білікті мамансыз.

Суқұйғыш
Егер жақсы дайындалсаңыз, қолға алған əрбір ісіңіз сəтімен болады. Сақтық пен ұстамдылықты ұмыт қалдырмаңыз. Кешке жақсы тынығуға тырысыңыз.

Балықтар
Бүгінгі күніңіз ерекше өтеді. Отбасыңызға көп көңіл бөліңіз. Материалдық жағдайыңызды жақсартудың амалдарын қарастырғаныңыз жөн.
07 желтоқсан 2019 ж. 273 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области