Жұлдыздар не дейді?
Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 8 наурызға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Өзгелердің таңдауына түсіністікпен қараңыз. Әйтпесе, басшылық пен әріптестеріңіздің сізге деген сыйластығын жоғалтып алуыңыз мүмкін. Айналаңыздағыларға дөрекілік танытпаңыз. Бұл мінезіңіз өзіңізге қиындық туғызып, жақындарыңызбен қарым-қатынасыңыз алыстай түсуі мүмкін.
Торпақ
Отбасыңызға әдеттегіден көп көңіл бөлуіңіз қажет. Бүгін барлығын жүрегіңізге жақын қабылдайсыз. Кез келген жағдайға көңіл-күйіңіз түсіп, ренжіп те қалуыңыз мүмкін. Сондықтан бүгін өзіңізге жайлы ортада болғаныңыз жөн.
Егіздер
Өміріңізде орын алып жатқан жағдайларға бей-жай қарамаңыз. Мәселе туындаған бойда оның шешілу жолын қарастырмасаңыз, оның ушығып кетуі мүмкін. Несие алмағаныңыз жөн. Сондай-ақ қаржылық мәселелерге бас ауыртпаңыз.
Шаян
Ұсақ-түйек мәселелерді біржақты етесіз. Күтпеген кездесулер немесе жаңа таныстықтар орын алуы мүмкін. Бүгінгі күн жолға шығуға және достармен басқосуға өте ыңғайлы.
Арыстан
Тәртібіңіз, жақсы мінез-құлқыңыз бен жұмысқа адалдығыңыз жолыңызды ашады. Алдыңыздан жаңа мүмкіндіктердің «есігі» ашылып, өзекті мәселелер өз шешімін табатын болады. Ішкі түйсігіңізге сеніңіз.
Бикеш
Бүгін жұбыңыздан ештеңе жасырмағаныңыз жөн. Ол сізден батыл қадам жасағаныңызды күтеді. Нақты шешімді дер кезінде қабылдай біліңіз. Өз-өзіңізге деген сенімділік жетістікке жетудің алғашқы қадамы екенін естен шығармаңыз.
Таразы
Бүгін сіз ерекше күш-қуатқа иесіз. Сондай-ақ белсенділік танытып, барлық істі игере аласыз. Дегенмен өзіңізді көп шаршатпау үшін мойныңызға көп жүктеме алмаңыз. Тек дер кезінде орындалуы керек дүниелерді ғана қолға алыңыз.
Сарышаян
Бүгінгі күн махаббатқа толы болмақ. Театрға немесе киноға барып, бой сергітіп қайтыңыз. Өзіңізге біреуді ғашық етесіз. Жаңа таныстықтар ұзақ әрі, жағымды болмақ.
Мерген
Бүгін жұбыңыздың көңілін өзіңізге аудару үшін түрлі қылық танытуға тырысасыз. Алайда оның барлығын жүзеге асыруға мүмкіндік жоқ. Жаңа романтикалық кездесу шынайы болмауы мүмкін. Сонымен қатар бүгін ешкімге бос сөз айтып, артық уәде берудің қажеті жоқ.
Тауешкі
Жаңа серіктес тауып іс бастайсыз. Жеке өміріңізде де жаңалық бар. Қаржылық мәселеңізді шешіп, жағдайыңызды түзеп аласыз. Ол үшін лауазымды танысыңыздан көмек сұрайсыз.
Суқұйғыш
Екінші жартыңызбен бас қосып, некеге тұруға өте сәтті күн. Сонымен қатар бұл күн кәсібіңізді дамытуға, үй сатып алуға және сауда жасауға қолайлы болмақ. Табыс табудың жаңа көзін тауып, ойда жүрген ісіңізді бастайсыз.
Балықтар
Бүгін үй шаруасымен айналысқаныңыз жөн. Жөндеу жұмыстарын бастап кетсеңіз де болады. Сонымен қатар электр тоғын ауыстырып, құбырларды жөндеңіз. Сондай-ақ денсаулығыңызға да мән беріңіз.