Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Көлікті сенімхат арқылы сатса, салықты кім төлейді?

Көлікті сенімхат арқылы сатса, салықты кім төлейді?

Kyzylorda-news.kz. Көлік құралының иесі көлігін  сенімхат негізінде басқа адамға сатса,  жаңа иеленуші бұл көлік құралын өз атына тіркеген сәтке дейін салықты төлеу жөніндегі барлық міндеттер  мен жауапкершілік бұрынғы меншік иесінде   сақталады.Сенімхат және сатып алу-сату шарты екі түрлі ұғымдар. ҚР Азаматтық кодексінің  167-бабының 1-тармағына сәйкес, бір адамның (сенім білдірушінің) атынан өкілдік ету үшін басқа адамға (сенім білдірілген адамға) берілетін жазбаша уәкілдігі сенімхат деп танылады" делінген.
Ал, ҚР АК  235-бабының 2-тармағына сәйкес, меншiк иесi бар мүлiкке меншiк құқығына басқа адам сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту немесе осы мүлiктi иелiктен айыру туралы өзге мәмiленiң негiзiнде ие болуы мүмкiн.
Осылайша, меншік иесі сенімхат бойынша сатылған көлік құралынан салық салу объектісі  бойынша салық міндеттемелерін  орындаудан босатылмайды.
Айта кетейік, 31 желтоқсанда 2019 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық төлеу мерзімі аяқталады.
06 желтоқсан 2019 ж. 410 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области