Қармақшы ауданының Ақай ауылында аудандық семинар өтті
Kyzylorda-news.kz. Ақай ауылындағы №279 орта мектебінде аудандық әдістемелік кабинеттің жылдық жоспарына сәйкес, бітіруші түлектерге кәсіби бағдарды жандандыру, мамандықты дұрыс таңдауға бағыт беру мақсатында «Мамандық таңдау- өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау» тақырыбында аудандық семинар болып өтті.

Семинарға қатысушылар «Рухани жаңғыру – ұлттық өнерден басталады» тақырыбындағы көрмемен танысты.
Семинар барысында «Қорқыт Ата» оқушылар қауымдастығымен «Жұмыссыз қалдырмайтын мамандық», «Мамандықтың бәрі жақсы – қалауынша таңдап ал» тақырыбында танымдық сабақтар өтті. Сонымен қатар «Ата-анамның бір жұмыс күні» тақырыбында презентациялық сабақ, «Қамшы өру» атты сыныптан тыс жұмыс, «Мамандықтар» трансформациялық ойыны ұйымдастырылды. Сондай-ақ жоғарғы сынып оқушыларына арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Семинар соңы қатысушыларға арналған тренингке ұласты.
Г.Смайлова,
№279 орта мектеп кітапханашысы
