Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ - РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ НЕГІЗІ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ - РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ НЕГІЗІ


Қазалы қаласындағы Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектепте «Латын әліпбиіне көшу» жобасы аясында жүргізілген инновациялық жұмыстар бойынша тәжірибе алмасу мақсатында «Латын әліпбиіне көшу - рухани жаңғыру негізі» тақырыбында аудандық семинар өтті.
    Семинарды ашқан мектеп директоры Оңталап Маханбетов Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында атқарылып жатқан бірқатар шараларды атап өтіп, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.
    Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Гүлжанат Әшірбекова «Көзқарас» тақырыбында ата-аналармен ток-шоу өткізді. Шараны өткізбес бұрын мектеп қызметкерлері алдын-ала зерттеу жұмыстары негізінде қала тұрғындары арасында сұхбат жүргізіп, оның түсірілімі ақпараттық тақтадан көрсетілді. Қала ардагерлері, жастар өз сұхбаттарында елбасымыздың қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіру идеясын қолдайтындарын білдірген. Сонымен қатар ток-шоуға ата-аналар шақырылып, латын әліпбиі туралы көзқарастарын білдірді.
   Шараға барынша белсене атсалысқан жастар өздерінің латын әліпбиін меңгеру деңгейін де көрсете алды. Жалпы семинарға қатысушылар өзінің іс-тәжірибесімен бөліскен әріптестерінің жұмыстарын жоғары бағалады.
23 мамыр 2018 ж. 890 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области