Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жүрек операциясына бұзау тіні пайдаланылды

Қызылордада жүрек операциясына бұзау тіні пайдаланылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада жүрекше ырғағы бұзылып, қарыншалық түйінде өткізгіштік тежелген науқасқа хирургтер бұзау тінін қолдану арқылы операция жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».Бұған дейін мұндай операцияларда шошқа тіні пайдаланылып келген екен. Аяғы ауыр әйелдің өміріне қауіп төнгесін оның жүктілігін тоқтатуға тура келді.
«Дегенмен 4 сағатқа созылған операция сәтті шықты», – дейді алматылық мамандар.
Облыстық кардиологиялық орталықтың 10 жылдығына Алматыдан келген дәрігерлер сырқаты ауыр 4 адамға ем-шара жүргізді. Жалпы Сыр өңірінде 2009 жылы ашылған кардиоорталықта 4 мыңдай науқасқа стенд, 12 мың адамға коронаграфия қойылып, мың жарымға жуық күрделі операция жасалды.      
«Операцияны жүрек пен өкпенің жұмысын тоқтатып жасайды. Одан кейін 1 күн реанимацияда, 7 күн стационарда болады да үйіне шығарылады. Жүрек-тамыр ауруы жасы келген адамдарда жиі байқалады. Қазіргі кезде 75-80-нен асқандардың 80% біздің науқастар», - дейді Алматы қалалық кардиология орталығының бөлімше меңгерушісі Нұрсан Сұрашов.
06 желтоқсан 2019 ж. 345 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области