Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Олимп» букмекерлік кеңсесінің лицензиясы тоқтатылды

«Олимп» букмекерлік кеңсесінің лицензиясы тоқтатылды

Kyzylorda-news.kz. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен прокуратура органдары «Олимп» букмекерлік кеңсесіне қатысты заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруына байланысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті сайтында жарияланды.
«Тергеушілердің айтуынша, компания қолданыстағы заңдарды бұза отырып, Интернетте белгілі бір кірістерді алып, лицензияланбаған қызметпен айналысқан. Бұл салаға салық салынбаған. Қазақстаннан заңсыз ақша әкету арналары анықталып, бұғатталған. Қаржылық қылмыс саласына қатысты басқа да әрекеттер тіркелді», - делінген хабарламада.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты «Only bet» ЖШС мен «Alpha bet» ЖШС-нің «Олимп» сауда маркасымен лицензиясын алты ай мерзімге тоқтатты.
«Қазіргі уақытта «Олимп» БК заңсыз әрекеттерінің нақты көлемін, сондай-ақ салық заңнамасын бұзушылықты анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізілуде», - деп толықтырды комитет.
«Олимп» букмекерлік кеңсесінің сайты жұмысын жалғастыруда.
«Қазір сайтта шешімдер қабылданады. Техникалық мәселелер шешілуде», - делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.
09 желтоқсан 2019 ж. 244 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области