Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 2020 жылдан бастап отбасы мүшесі ұсынылған жұмыстан бас тартса, бүкіл отбасы атаулы әлеуметтік көмектен қағылады

2020 жылдан бастап отбасы мүшесі ұсынылған жұмыстан бас тартса, бүкіл отбасы атаулы әлеуметтік көмектен қағылады

Kyzylorda-news.kz. Келесі жылдан бастап, аз қамтылған отбасының еңбекке қабілетті мүшесі мемлекет ұсынған жұмыстан бас тартқан жағдайда, бүкіл отбасы жәрдемақыдан айырылады.Бұл туралы мәжіліс аясында журналистердің сұрақтарына жауап берген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«АӘК тарату кезінде, егер отбасында еңбекке қабілетті адамдар болса, біз оларды жұмыспен қамтамасыз етуге тырысамыз, әлеуметтік келісімшарт жасалады, бұл бұрыннан бар тәжірибе. Егер ол атаулы әлеуметтік көмек ала отырып, ұсынылған жұмыстан бас тартса, келесі жылдан бастап бүкіл отбасы АӘК-тен айрылады», - деді Біржан Нұрымбетов.
Министрдің айтуынша, бұл еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің жауапкершілігін арттырады.
«Осылайша, біз еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің, мысалы, отағасының жауапкершілігін арттырамыз. Егер оның денсаулығы оған жұмыс істеуге мүмкіндік берсе, біз оған жұмыс береміз, ал ол бас тартса, бүкіл отбасы АӘК-тен айрылады», - деп атап өтті Біржан Нұрымбетов.
09 желтоқсан 2019 ж. 273 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области