Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Атаулы әлеуметтік көмек қандай жағдайда тоқтатылады?

Атаулы әлеуметтік көмек қандай жағдайда тоқтатылады?

Kyzylorda-news.kz. Егер отбасындағы асыраушы адам жұмыспен қамту орталығы ұсынып отырған жұмыстан бас тартса, барлық отбасы мүшелеріне берілетін атаулы әлеуметтік көмекті беру тоқтатылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі АӘК басқармасының басшысы Аяжан Жанғабылова айтты.
«Адамдар атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға келген кезде олармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Олардың біліктілігі мен білімі сұралады. Егер еңбекпен қамтудың электронды биржасында бос орындар болса, оған сол кезде-ақ жұмыс ұсынуы мүмкін. Одан кейін атаулы әлеуметтік көмекті тағайындайды. Тиісінше сол кезде әлеуметтік келісімшарт жасалады», - деді ол.
Айтуынша, келісімшарт бұзылған жағдайда отбасындағы барлық адамдар атаулы әлеуметтік көмектен айырылады.
«Біз жұмыс ұсыну арқылы өзінің отбасын, балаларын асырау мен әлеуметтік қамтамасыз етудегі жауапкершілікті арттыруды көздейміз», - деп атап өтті Аяжан Жанғабылова.
16 қазан 2019 ж. 361 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области