10 желтоқсан: Атаулы күндер мен оқиғалар
1948 жылғы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясын қабылдады. Барлық елде 1950 жылдан бастап атап өтіледі.
Дүниежүзілік футбол күні
БҰҰ-ның шешімімен бекітілген. Миллиондаған адамға тек ойын ғана емес, өмір стиліне айналған спорттың бұл түріне халықаралық қоғамдастық ерекше құрмет көрсетеді. Футбол ойыны туралы алғашқы деректерді тарихшылар біздің заманымызға дейінгі екінші мыңжылдықтағы Қытай жылнамасынан тапқан. Ол Цу Чю деп аталған.
Футбол ойыны қытай жауынгерлерін бабында сақтауға септігін тигізген деседі. Ал кейбіреулер футболдың ізашары деп VIII ғасырда Англияда өмір сүрген саксондардың «жабайы ойынын» атайды. Олар ұрыстан кейін шайқас даласында дұшпанының шабылған басын тепкілеп ойнаған. Футболды біздің заманымызға дейінгі екі жарым мыңжылдықта Ежелгі Грекияда, Римде де ойнаған.
1930 жыл Алматыда тұңғыш Қазақ мемлекеттік Медицина институты ашылды (ҚазММИ). Оның ректоры болып Ленинград әскери-медициналық академиясының түлегі Санжар Асфендияров тағайындалды. 1963 жылы ЖОО Алматы мемлекеттік медициналық институты (АММИ) болып өзгертілді. 2001 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен С.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медициналық университетіне «Ұлттық университет» мәртебесі берілді.
1991 жылы Алматыда ашылған Жоғарғы Кеңестің жетінші сессиясында Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп атауға шешім қабылдады.
1991 жылы Алматыдағы Республика сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ант беру рәсімі өтті. Осыдан кейін Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Президент өз қызметіне кірісті.
1991 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Алмас» қорын құру туралы Жарлығы шықты.
1997 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Ұлттық қолданбалы ғылымдар академиясының құрметті мүшесі болып сайланды.
1997 жылы Ақмола қаласы (қазіргі Астана) Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.