Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 12 мамыр: Атаулы күндер мен оқиғалар

12 мамыр: Атаулы күндер мен оқиғалар

Халықаралық медбикелер күні.
Қырым соғысы кезінде (1853-1856) санитарлар жасақтарын ұйымдастырып, оларға басшылық еткен ағылшын медбикесі - Флоренс Найтингейлдің туған күні құрметіне орай атап өтіледі. Әр екі жыл сайын Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қозғалысы ең үздік 50 медбикеге Флоренс Найтингейл атындағы медальдарды тапсырады.

Дүниежүзілік құстар күні
Әр жылы мамырдың сенбі, жексенбісі атап өтіледі. Бұған 1906 жылғы Құстарды қорғау халықаралық конвенциясына қол қою себеп болды.

1995 жылы Корея Республикасында Қазақстан Республикасының елшілігі ашылды.

2000 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Астанадағы резиденциясында Нобель сыйлығының лауреаттарын қабылдады.

2005 жылы Өзбекстанда Әндіжан оқиғасы орын алды.

2014 жылы Қазақстанда футболдан Ұлттық студенттік лига құрылды. Жоба аясында ынтымақтастық туралы тиісті меморандумға Қазақстан Білім министрлігі мен ҚР Футбол федерациясы қол қойды. Жасалған меморандумға сәйкес тараптар бірлесіп Қазақстандағы білім беру ұйымдарының арасында өңірлік және республикалық турнирлер өткізеді. Сондай-ақ құжат ҚР-да студенттер мен оқушыларды спорттың осы түріне тарту арқылы бұқаралық футболдың дамуын көздейді.
12 мамыр 2019 ж. 602 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области