Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бронх демікпесін асқындырмау мақсатында ұстанатын қағидаларды білесіз бе?

Бронх демікпесін асқындырмау мақсатында ұстанатын қағидаларды білесіз бе?

Kyzylorda-news.kz. Жер бетіндегі ересек тұрғындардың 5%-ы мен балалардың 10%-ы зардап шегетін, кең таралған созылмалы аурулардың бірі - бронх демікпесі, деп жазады Skifnews.kz.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Инфекциялық емес аурулардың алдын алу департаментінің (бұдан әрі – ҚДСҰО ИЕААД) скринингтік бағдарламаларды мониторингілеу бөлімінің бас маманы Гүлжан Конуршина айтуынша, Дүниежүзілік демікпеге қарсы күн алғаш рет 1988 жылы атап өтілген.
Өткізу мақсаты – осы ауру туралы пациенттердің, дәрігерлер мен халықтың ақпарат алуын арттыру, бронх демікпесі бар пациенттердің мәселесін шешуге және оларға көрсетілетін медициналық көмек сапасын жақсартуға қоғам назарын аударту.
«Бронх демікпесі – бұл қабыну, ісіну және қақырық пайда болу салдарынан дұрыс тыныс алуға кедергі келтіретін, соның нәтижесінде өкпеге апаратын тыныс алу жолдарын тарылтатын күрделі ауру», - деді ол.
Гүлжан Конуршинаның айтуынша, статистикалық деректерге сәйкес 2018 жылы Қазақстанда бронх демікпесінің 105365 жағдайы тіркелген, оның ішінде 17766-сы алғаш анықталғандар.
«Диспансерлік есепте 79668 адам тұрады, оның ішінен 17 жасқа дейінгі бронх демікпесі бар балалардың үлесі 23,5 %-ды құрайды», - деп хабарлады ол.
Маман деректері бойынша, ауру, әдетте, жас кезден басталады. Шамамен балалардың 50%-ы оны дұрыс емдеген жағдайда есейген уақытында демікпе ауруынан арылып жатады. Гүлжан Конуршина бронх демікпесі кезінде асқынулардың алдын алу үшін келесідей белгілі қағидаларды ұстануға кеңес береді:
Демікпе кезінде не жеуге болмайды: балық тағамдары, теңіз тағамдары, уылдырық, майла ет сұрыптары (үй құсы, шошқа еті), қақталған тағамдар, майлы тамақтар, жұмыртқа, бұршақтар, дәндер, шоколад, бал, қызанақтар (томат), қызанақтан жасалған соустар, ашытқыдан жасалатын тамақтар, цитрустар (апельсин, лимон, мандарин, помело, грейпфрут), құлпынай, таңқурай, қарақат, өрік, шабдалы, қауын, алкоголь.
Нені қолдануды шектеу қажет: жоғары сұрыпты ұннан жасалған нан-тоқаш өнімдері, тоқаштар, қант пен тұз, сүт өнімдері (сүт, қаймақ, сүзбе).
Демікпе кезінде не жеуге болады: ботқалар (маймен), сорпалар (қатты майлы емес), тауқы еті, майлы емес шұжықтар мен сосискалар (докторский), қарабидай наны, кебектен жасалған нан, сұлыдан немесе галеттен жасалған печенье, көкөністен және жемістерден жасалған салаттар, компот, минералды су, шәй, кофе (құрамында кофеин болса).
Тамақтану режимі – қатты тоймай, күніне 4-5 рет. Асты буда пісірген жөн, бірақ қайнатуға, бұқтыруға және қыздырып пісіруге де болады. Тек жылы күйінде жеу қажет.
Демікпенің асқынулары
пневмоторакс (өкпеқап қуысына ауаның түсуі)
жіті тыныс алу жеткіліксіздігі
өкпенің эмфизематозды бұзылысы
Бронх демікпесінің алдын алу
Бронх демікпесі созылмалы ауру екендігіне қарамастан, оны толығымен бақылауда ұстауға болады.
Демікпені жақсы бақылау сізге ауру белгілерін жойып, асқынулардың пайда болу қаупін төмендетіп қана қоймай, өмір сапасын жақсартуға және қалаған нәрсеңізді істеуге мүмкіндік береді.
Аурудың алдын алу үшін маман кеңестері:
- ұстамаларды тоқтату үшін өзіңізбен бірге үнемі ингаляторды алып жүріңіз,
- басталып келе жатқан ұстама белгілерін біліп, оны тоқтатуды үйреніңіз,
- ауру қоздыратын факторлардан аулақ болыңыз,
- міндетті түрде дәрігердің ем бойынша берген кеңестерін орындаңыз,
- жағдайыңыз жақсы болса да дәрігерге жылына кемінде 2 рет барыңыз,
- үйде тазалық сақтаңыз және кез-келген аллергендерді жойыңыз: шаң-тозаң, жануарлардың жүні, атауыз және т.б.
- темекі түтінінен, газ түтінінен аулақ жүріңіз. Шылым шегетін болсаңыз, оны тастаңыз.
- ұстамалар жиілігін қысқарту үшін барлық тағайындалған препараттарды қабылдаңыз.
- жүрек пен өкпе жағдайын жақсарту үшін спортпен шұғылданыңыз.
Гүлжан Конуршина бронх демікпесін емдеу кезіндегі болжам оң нәтижелі болатынын, алайда ол көп жағдайда аурудың анықталған сатысына, диагностикаға, пациенттің дәрігер берген барлық ұйғарымдарын орындауына және аталған ауру ұстамасын тудыратын факторларды шектеуге байланысты екендігін атап өтті.
15 желтоқсан 2019 ж. 398 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области