Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 12 желтоқсан: Атаулы күндер мен оқиғалар

12 желтоқсан: Атаулы күндер мен оқиғалар

Қазақстан Республикасы Кеден органдарының құрылған күні
Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының қаржы, салық және кеден қызметін қайта құру туралы» Жарлығын орындау мақсатында осы қызметтердің барлығы бір жүйеге - ҚР Қаржы министрлігіне біріктірілді. ҚР Кеден органдарының негізгі қызметі - Қазақстан Республикасы экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, материалдық және мәдени құндылықтарды заңсыз шет елге шығарудың алдын-алу, қару-жарақ, есірткі заттарын тасымалдауға тосқауыл болу, контрабандамен күрес, республика бюджетіне кеден салығының уақытында түсіп отыруын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы азаматтар мен автокөлік өткізу жұмысын ұйымдастыру және басқалар.

Халықаралық бейтараптық күні
БҰҰ Бас Ассамблеясының 2017 жылдың ақпанындағы қарарымен бекітілді. 1995 жылы 12 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымы «Түрікменстанның тұрақты бейтараптығы» туралы қарарын қабылдаған болатын. Ол нейтралитетті қолдау бойынша тарихтағы тұңғыш осындай құжат болды. Халықаралық нейтралитет күні сол құжаттың құрметіне атап өтіледі. Бұл күн Түрікменстан Республикасында ұлттық мейрам.

Денсаулық сақтау қызметін жаппай қамтудың Халықаралық күні
2012 жылдың 12 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы «Әлем тұрғындарының денсаулығы және сыртқы саясаты» туралы қарар қабылдады.

1917 жылдың 12 желтоқсанында Алаш Орда үкіметі құрылды. Атап айтқанда, 1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында өткен 2-жалпықазақ съезінде Алаш Орда үкіметін құрылғаны жарияланған болатын. Съез күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Соның ішінде қазақ автономиясы, милиция (жасақ) және Ұлт кеңесі мәселелерін қаралды. Жаңа автономияны «АЛАШ» деп атауды ұсынылып, 1917 жылдың 12 желтоқсанында съез делегаттары уақытша ұлттық кеңесті - Алаш Орданы құрды. Ал көпшіліктің дауысымен Алаш Орда үкіметінің төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. Кейіннен бұл туралы Әлімхан Ермеков «Сарыарқа» газетінің 1918 жылғы 22 қаңтардағы №28 санында: «Декабрьдің 12-сі күні, түс ауа, сағат 3-те дүниеге АЛАШ автономиясы келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты алаштың баласының басына ақ орда тігіліп, АЛАШ туы көтерілді. Үлкен ауылдарға қоңсы қонып, шашылып жүрген қырғыз-қазақ жұрты өз алдына ауыл болды. Отансыз жұрт Отанды болды» деп жазған болатын.

1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауапқа тартылғандарды ақтау туралы» Жарлығы шықты.

1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен ҚР Мемлекеттік кеден комитеті құрылды.

2013 жылы ҚР Ұлттық банкі түркі жазуының ескерткіші «Күлтегінге» арналған номиналы 1000 теңгелік естелік банкнотын айналымға шығарды. Ол банкнот сары-қоңыр түске қанық боялған. Оның басты бетіне Күлтегін ескерткіші, "Қазақ елі" монументі мен ұшып бара жатқан көгершін бейнеленсе, ал екінші бетіне түркі жауынгерлері, түркі жазбаларының көшірмесі мен бұғының суреті салынған. Одан бөлек, банкноттың екінші бетіне мемлекеттік тудың бір бөлігі бейнеленген голографиялық сызық та, Ұлттық банктің логотипі мен "Ескерткіш теңге" деген де жазу бар. Ескерткіш банкноттың таралымы 10 миллион дананы құрайды.
12 желтоқсан 2019 ж. 347 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области