Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімізде ұрланған телефондарды шетел асыратындар қолға түсті

Елімізде ұрланған телефондарды шетел асыратындар қолға түсті

Kyzylorda-news.kz. Қалалық полиция департаменті мен прокуратура ұрланған мүлікті Қырғызстанға апарып сатып жүрген каналды әшкереледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Арнайы операция «Қордай» кеден бекетінің маңында болды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан шығып бара жатқанда полиция «Хонда» маркалы көлігін тоқтатқан. Көлікті 23 жастағы Қырғызстан азаматы тізгіндеген. Автокөлікті тінту кезінде багаж бөлімінен арнайы құжаты жоқ 45 ұялы телефон табылды.
«Бұл дерек ҚР ҚК 196-бабы бойынша бірыңғай тергеу ісі реестріне тіркелді. Ұсталған жүргізуші жаз айынан бері Алматыда ұсталған телефондарды арзан бағамен сатып алып жүргенін мойындаған. Ол бұл телефондарды Алматыдағы «Мега тау» сауда үйінде телефон сатумен айналысатын ер адамнан алып отырған. Жүргізуші отандасымен бірге Алматыға күнде келіп, ұсталған телефондар мен гаджеттерді алып кетіп Бішкекте сатып отырған. Қазір «Мега тау» сауда үйінің саудагері де ұсталды. Ол ұрланған телефондарды сатумен айналысқанын мойындады. Оның тұратын жерін тексерген кезде 64 ұрланған телефон табылған», - деді ПД криминалды полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.
 Ұсталғандар қамауға алынды. Жақын арада Қырғызстанға шекара асқан телефондар Алматыға қайтарылады. Осыдан бірнеше жыл бұрын полиция Алматыдан Қырғызстанға заңсыз жіберілген 100 ұялы телефонды өз иелеріне қайтарған болатын.
11 желтоқсан 2019 ж. 242 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области