Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Пара алу үстінде ұсталған шекарашы ақшаны жеп қоюға тырысқан

Пара алу үстінде ұсталған шекарашы ақшаны жеп қоюға тырысқан

Шекарашы Украинадан Еуроодақ елдеріне темекі тасымалдауға жәрдемдескені үшін пара алып отырған. Украина шекара қызметінің инспекторы пара алу үстінде ұсталып, ақшаны жеп қоймақ болды, деп хабарлайды azh.kz.

Белгілі болғандай, шекарашы Венгриямен шекарадағы "Лужанка" өткізу пункті арқылы Украинадан Еуроодақ елдеріне еш кедергісіз темекі тасымалдауға көмектескені үшін пара алып отырған. Полиция мың доллар пара алу оқиғасын әшкереледі.
Инспекторды соңғы 200 долларды алып жатқан кезде ұсталған. Айғақтардың көзін жойып, жауапкершіліктен құтылмақ болған шекарашы параны жеп қоюға тырысады.

Қазір полиция "Лужанка" өткізу бекетінің басқа қызметкерлерінің жемқорлыққа қатысы барын тексеріп жатыр. Оқиғаға қатысты "Пара алу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті он жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


10 қаңтар 2019 ж. 321 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области