Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қыста неліктен қырма сақалдар ауырмайды?

Қыста неліктен қырма сақалдар ауырмайды?

Kyzylorda-news.kz. Беттегі түк тұмау мен ЖРВИ вирусын жұқтыру мүмкіндігін арттырады.
Жұқпалы аурулар белең алатын қысқы мерзімде мұрты мен сақалы бар ер азаматтарға тазалыққа қатты мән беру керек. Өйткені беттегі түк бактериялар мен вирустардың көбеюіне қолайлы жағдай туғызады екен. Сондықтан оларды қырып тастағаннан артығы жоқ. Бұл туралы ресейлік дәрігер Андрей Тяжельников журналистермен сұхбатында мәлімдеді.
«Адам денесіндегі түктер шаң-тозаңның жиналатын орны. Оның ішінде түрлі бактерия болады. Ал адам ағзасынан бөлінетін ылғал мен жылу микробтарды көбейтеді. Тіпті, қыс мезгілінде жұқпалы аурулар тарататын ұяшыққа айналу қаупі бар», – деп түйіндеді маман.

17 желтоқсан 2019 ж. 292 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области