Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада бес жастағы баланы қағып өлтірген көлік жүргізушісі сотталды

Қызылордада бес жастағы баланы қағып өлтірген көлік жүргізушісі сотталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада бес жастағы баланы қағып өлтірген көлік жүргізушісі 1 жыл 6 айға сотталды.Бұл қайғылы жағдай биылғы жылдың шілде айында Қызылорда қаласына қарасты Досан ауылында болған. Кешкілік ВMW-520 маркалы автокөлігінің иесі жолды кесіп өтпек болған бүлдіршінді қағып өткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімшесінде есін жимаған күйі қайтыс болған.
«Осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары жүргізілген, іс сотқа жолданған. Онда абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекетті жасау жағдайы көрсетілген. Қылмыстық құқықбұзушылығы толығымен дәлелденді. Күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылды. Қызылорда қаласының №2 сотының үкімімен ол 5 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырыла отырып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды», - деп мәлім етті Қызылорда қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Қуаныш Назар.
12 желтоқсан 2019 ж. 215 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области