Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 14 мал ұрлығы қылмысы ашылды

Қызылордада 14 мал ұрлығы қылмысы ашылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада полиция қызметкерлері «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында облыс бойынша 14 мал ұрлығы қылмысын ашты. Бұл туралы Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Аталған шараны Қызылорда облысының полиция департаменті, қалалық полиция басқармасының қызметкерлері ветеринария басқармасының өкілдерімен бірлесе отырып ұйымдастырды. Шара аясында малдарды құжатсыз әкелу, мал союға және ет сатуға арналған сертификаттың жоқтығын анықтау бағытында жұмыстар жүргізілді.
«Осыған қарай, барлық сауда орталықтары және басқа да ет павильондары мен мал сою бекеттері тексерілді. Іс-шара аясында облыс бойынша 14 мал ұрлығы ашылды. Бүгінгі таңда облыс және қала аумағында барлық мал сою мен ет бөлуге арналған жерлерде бейнебақылау камералары орнатылды. Мал ұрлықтарының алдын алу үшін құжатсыз мал басын тасымалдайтын 245 көлік құралдары тексерілді. Олардың ішінде 38-і мал тасымалдаумен айналысқан», - деп мәлім етті Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
12 желтоқсан 2019 ж. 425 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области