Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 15 желтоқсан: Ел тарихында орын алған оқиғалар

15 желтоқсан: Ел тарихында орын алған оқиғалар

Халықаралық шай күні
Халықаралық шай күнін атап өту шешімі 2004 жылы Мумбайда (Үндістан) және 2005 жылы Порту Алегриде (Бразилия) өткен Дүниежүзілік қоғамдық форумда қабылданды. Мереке шай өндіру кең тараған елдерде атап өтіледі, бұлар - Үндістан, Шри-Ланка, Бангладеш, Непал, Қытай, Вьетнам, Индонезия, Кения, Малайзия, Уганда, Танзания.

1995 жылы Жамбыл қаласында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан Республикалары басшыларының Мемлекетаралық кеңесі өтті. Кеңес ұйғарымымен Қорғаныс министрлері кеңесі туралы ереже бекітіліп, ол аймақтың қауіпсіздігі, әскери ынтымақтастық саласындағы бүкіл мәселелерді қарайтын болып шешілді.

1999 жылы Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің стратегиясын бекітті. 2001 жылы Қазақстан Республикасының «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Заңы жарық көрді.

2017 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді, оның басты мақсаты - цифрлық технологияларды пайдалану және дамыту арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту және ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
15 желтоқсан 2019 ж. 304 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области