Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 16 желтоқсан: Атаулы күндер мен оқиғалар

16 желтоқсан: Атаулы күндер мен оқиғалар

Қазақстан Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні
1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қойды. Қазақстанның Мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.

Қазақстанда энергетиктер күні
Энергетиктердің кәсіби мерекесі Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қарашадағы Жарлығына сәйкес, желтоқсанның үшінші жексенбісінде аталып өтіледі.

1991 жылы «ҚазАқпарат» (ҚазТАГ) алғашқы болып әлемге Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланғанын хабарлады.

1994 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз резиденциясында ЕуроОдақ Комиссиясының Қазақстандағы тұрақты өкілі Роберт Кремердің сенім грамотасын қабылдады. Елбасы Алматыда ЕуроОдақ өкілдігінің ашылуы Қазақстан мен Еуропа арасындағы экономикалық, саяси байланыстардың дамып, еуропалық серіктестермен сауда-саттық, іскерлік қатынастардың жолға қойылуына едәуір көмек көрсетеді деп атап өтті.

1996 жылы Алматыдағы Республика алаңында Тәуелсіздік монументінің ашылу салтанаты болды.

1996 жылы Алматыда бесжұлдызды «Анкара» қонақ үйінің ашылу салтанаты өтті. Аталған шараға Қазақстан мен Түркияның Президенттері қатысты.

1997 жылы Қазақстанның Ұлттық банкі ұлы жазушы М.Әуезовтің 100 жылдығына арналған құны 20 теңгелік металл естелік шақаларын айналымға шығарды.

2000 жылы Алматыда Абылай ханға ескерткіш ашылды. Ескерткіш авторы, мүсінші - Нұрлан Далбаев. Абылай хан, Әбілмансұр (1711-1781) - қазақ ханы. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ елінің негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.

2016 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тəуелсіздіктің 25 жылдығына орай Астанада жаңа 25 қырлы монументті ашты. «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументі - болаттан өрілген қаңқаны табиғи тастан қашалған қаптамамен орау арқылы тұрғызылған көпбұрышты фигура. Оны салуға 1319 тас жұмсалды. Соның 1069-ы бірегей өлшемде жеке-жеке қашалып жасалды, ал 250-і типтік тастар болды. Тастардың жалпы салмағы - 94,5 тонна.
16 желтоқсан 2019 ж. 448 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области