Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстандықтардың Ресейге бару ережесі өзгеруі мүмкін

Қазақстандықтардың Ресейге бару ережесі өзгеруі мүмкін

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандықтар 90 күн мерзімі өткен соң Ресейге келу мен қайту уақытын ұзарта алады, деп хабарлайды Stan.kz.Ол туралы ақпаратты РФ Сыртқы істер министрлігі ТМД елдерінің үшінші департамент директоры Александр Стерник мәлімдеді.
ҚР Сенат спикері Дариға Назарбаева қазақстандық азаматтардың Ресейге бару мәселесі бойынша келіспейтін пікірі бар екенін айтқан болатын. Ресейліктер Қазақстанда 90 күн жүріп, елден шығып бірден қайта орала алады, ал Қазақстан азаматтары Ресейде 90 күн жүрсе, елден 90 күнге тағы кетуі керек. Яғни, сапар арасы 90 күнді қамтуы міндет. Сондай жағдайда ғана Ресейге қайта кіруге мүмкіндік бар.
"Бүгін Қазақстан азаматтары ресми жұмыс істеп немесе елімізде оқып жүрсе, Ресейде 90 күннен артық жүруге құқы бар. Расыменде, Қазақстан тарапынан жеке мақсатпен Ресейге аттанатын өз азаматтарына байланысты жүріп-тұру ережесін өзгерту туралы сұраныс болды", - деді Александр Стерник.
Айтуынша, аталған мәселе екі тараптың СІМ телефон арқылы қарастырылды. Қазіргі уақытта "Ресей Федерациясындағы шет ел азаматтарының құқығы туралы" федералды заңға түзетулер енгізу мәселесі талқылануда.
"Түзетулердің негізі Ресейге келетін шет ел азаматтарының қалыпты мерзімін ұзарту мен нақтылауға бағытталған", - деді Стерник.
13 желтоқсан 2019 ж. 197 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области