Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаңақорған ауданында екі спорт кешені пайдалануға берілді

Жаңақорған ауданында екі спорт кешені пайдалануға берілді

Kyzylorda-news.kz. Облыс әкімі Қ.Ысқақов Жаңақорған және Шиелі аудандарында жұмыс сапарымен болды. Жаңақорған ауданының Қожакент пен Сунақата ауылдық округтеріндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде салынған спорт кешендерінің ашылу салтанатына қатысты.Мемлекеттік-жекешелік тетігі ел экономикасын көтеріп, оны әртараптандыруға және кәсіпкерлерді ірі инвестициялық жобаларға тарта отырып, мемлекетпен бірлесе бизнесті жаңа белеске шығаруға септігін тигізуде. Осындай мемлекеттік-жекешелік әріптестік жоба аясында Жаңақорған ауданының Қожакент және Сунақата ауылдық округтерінде спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.
Облыс әкімі Жаңақорғандықтарды жаңа спорт нысандардың ашылуымен құттықтап,жылы лебізін жеткізді.
"Тәуелсіздік күні қарсаңында Қожакент ауылындағы спортсүйер қауым үшін арнайы спорттық-сауықтыру кешенін ашып отырмыз. Сыр өңірінде мемлекеттік-жекешілік әріптестік аясында жүздеген маңызды әлеуметтік нысандар ашылып, ел игілігіне берілуде. Осындай серпінді жобалар Жаңақорған ауданында да жүзеге асырылуда. Биылғы жылдың басында Сүттіқұдық ауылдық округінде бой көтерген спорт нысандары осыған дәлел. Міне, бүгін Қожакент ауылында да заманауи талаптарға сай спорт кешені ашылып отыр. Спортқа жаны құмар жас ұрпақты қуанышқа бөлеп, 13 тұрғынды жұмыспен қамтып, 300-ден астам жасөспірімге волейбол, бокс, ауыр атлетика, белбеу күресі, қазақ күрестерінен тәлім-тәрбие беретін, еліміздің жігерлі жастарын дайындайтын жаңа спорт кешені құтты болсын! ",- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.
Сонымен қатар, дәл осы күні Сунақ ата ауылдық округінде де мемлекеттік- жекешелік әріптестік аясында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Жаңа нысандардың іске қосылуы ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып, жастарды спортқа баулуға қызмет ететін болады.


18 желтоқсан 2019 ж. 283 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области