Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында МЖӘ бойынша 2 спорт кешені ашылды

Қызылорда облысында МЖӘ бойынша 2 спорт кешені ашылды

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Жаңақорған ауданының Сүттіқұдық ауылдық округінде және Шиелі ауданының Гигант ауылында жаңа спорттық-сауықтыру кешендері салынды.

Жаңақорған ауданында 150 орындық спорттық-сауықтыру кешенінің ашылу рәсімі өтті.
Жаңа спорт кешенінде 13 адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Мұнда еркін күрес пен әйелдер күресі, тоғызқұмалақ, бокс, гандболдан жаттығулар өткізіледі.
Осы күні Шиелі ауданы Гигант ауылдық округінде "Бастау" жастар сауықтыру кешені пайдалануға берілді.
"Денi сау ұрпақ - ел болашағының кепiлi. Елбасымыздың дәстүрлi Жолдауларында бұқаралық спортқа, салауатты өмiр салтын қалыптастыруға басымдық берiлiп келедi. Бұл күн барша спорт сүйер қауым үшін, оның ішінде жастар үшін ең қуанышты күннің бірі деп есептеймін. Өйткені, ауданда алғаш рет жабық жүзу бассейні ашылуда», - деді аймақ басшысы.
Айта кетейік, екі жыл ішінде аймақта 16 спорт ғимараты іске қосылды, оның 9-ы МЖӘ бойынша және 7-і облыстық бюджет есебінен салынды.
Бүгінде Қызылорда облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында құны 34 млрд. теңге болатын 75 жоба жүзеге асырылуда, олар - денсаулық сақтау, спорт, білім беру, цифрландыру және тұрғынүй коммуналдық кешенін жаңғырту саласындағы жобалар болып табылады.

19 қараша 2018 ж. 549 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области