Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қанат Бозымбаев денсаулығына байланысты қызметінен кетті

Қанат Бозымбаев денсаулығына байланысты қызметінен кетті

Kyzylorda-news.kz. Қанат Бозымбаев Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік наградаларды табыстау рәсіміне мойнына медициналық бекіткіш тағып келген болатын, деп жазады Sputnik. Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек Қанат Бозымбаевтың не үшін қызметінен кеткенін айтты.
"Министр президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің денсаулығы мен жуырда жасалған операция туралы айтты. Дәрігерлер көлікпен аз жүруге кеңес берген. Ұшақпен ұшуды азайтып, қалпына келу курсынан өту керектігін ескертті", - деп жазды Нұрлыбек Жеңісбек Telegram-да.
Министрдің өңірлерге жиі барып, салалық нысандар, стансалар мен кен орындарын аралайтыны белгілі. Сондай-ақ, бұл қызмет шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізуді талап етеді.
Энергетика министрі қызметіне байланысты Бозымбаевқа ескерту жасалмаған.
Ол президент жарлығымен Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды.
18 желтоқсан 2019 ж. 260 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области