Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада Талсуат ауылы туралы кітап жарық көрді

Қызылордада Талсуат ауылы туралы кітап жарық көрді

Kyzylorda-news.kz. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Талсуат ауылдық округінің әкімі Болатбек Нұрлыбаев мәлімдеді.Биыл Талсуат ауылдық округінде орналасқан №178 білім ордасының 90 жылдығына орай «Дария жағасындағы ауыл» атты кітап жарық көрді. Кітапта мектептің тарихы, мектептен түлеп ұшқан шәкірттер туралы мол мәлімет қамтылған.
Брифинг барысында ауыл әкімі ауылдағы бірқатар атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Ауылдағы мемлекеттік «Заңғар» балабақшасында көркейту-көгалдандыру жұмыстары жоғары деңгейде жүргізіліп, көктемде үнемделген қаражат есебінен әртүрлі іс-шаралар өткізетін жаздық шатыр мен су бұрқағының (фонтан) құрылысы жүргізілген.
«Елді мекенде № 5 қалалық емханаға қарасты Талсуат ауылдық дәрігерлік амбулаториясы халыққа қызмет көрсетуде. Ауылдық дәрігерлік амбулаторияның медициналық қызмет көрсету аймағына Талсуат, Геолог, 10-11 бекет және «Дружба», «Строитель», «Ягодка», «Пищевик» саяжайлары қамтылған. Бүгінгі күні, ауылдық округте өсімдік шаруашылығы 1, мал шаруашылығы бойынша 4 шаруа қожалығы, 1 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі, 20 мал шаруашылығы тіркеліп, осы мерзімге ауыл бойынша 9 тонна ет, 7 тонна сүт өнімдерін өндірді. Ауылда жыл басынан жаңадан 20 кәсіпкерлік субъекті тіркеліп, 14 жаңа жұмыс орны ашылды. Осылайша тіркелген кәсіпкерлік нысандары 94 %  құрап, өткен жылмен салыстырғанда 21,3 %- ға өсім алған», - дейді ауыл әкімі.
2016 жылдан бастап Талсуат ауылдық округінде 500-ге жуық тұрғын үй және облыстық деңгейдегі маңызды 3 әлеуметтік нысан табиғи газбен қамтылған.
19 желтоқсан 2019 ж. 341 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области