Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада ақын Қаршыға Есімсейітованың шығармашылық кеші өтеді

Қызылордада ақын Қаршыға Есімсейітованың шығармашылық кеші өтеді

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Жазушылар одағының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, белгілі тележурналист, ақын Қаршыға Есімсейітованың 60 жасқа толуына арналған «Менің әлемім» атты шығармашылық кеші өтеді. Қаршыға Есімсейітова «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде, «Қазақстан мектебі» журналында, Республикалық халық  шығармашылығы орталығында, Қазақ радиосының балалар мен жастар редакциясында қызмет еткен. Қазір  «Қазақстан – Қызылорда» телеарнасының редакторы. «Таңбалы тас», «Қорқыт», «Мұстафа Шоқай», «Сыр  өңірінің тұлғалары» атты сериялы деректі фильмдердің авторы. Республика баспасөзінде өлеңдері 1978 жылы  тұңғыш жарияланды.
1986 жылы «Қарлығаш» ұжымдық жинағына өлеңдері енген. 1994 жылы «Аңсаған атамекенім» атты кітабы  жарық көрді. 1997 жылы Журналистика саласындағы еңбегі үшін Журналистика академиясының «Алтын  жұлдызын» иеленген.
Ақынның кеші Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық академиялық драма театрында 20 желтоқсан сағат 17:00-де өтеді.   
19 желтоқсан 2019 ж. 501 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области